Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев боксшы Жәнібек Әлімханұлының допиң дауына қатысты пікір білдірді.
Өкінішке қарай, жекпе-жек болмайды. Алайда Жәнібек Әлімханұлының мәлімдемесіне сенеміз. Ағзасына допиңнің қалай түскенін допиңге қарсы ұйыммен анықтау қажет, — деді ол.
Вице-министр қорытынды шығаруға асықпауға, допиңге қарсы тексерудің толық аяқталуын күтуге шақырып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы допиң қолданды деген күдікке ілінген.
Боксшы 6 желтоқсанда Лара Ерисландимен жекпе-жекке шығуы керек болған. Алайда жекпе-жек өтпейтін болды.
Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтуі керек болған.

