Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы допиң қолданды деген күдікке ілінді. Бұл туралы The Ring хабарлап отыр.
Жәнібек Әлімханұлы VADA сынағынан кейін тыйым салынған препаратты қолданғаны белгілі болды, – деп жазды The Ring.
Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Лара Ерисландимен жекпе-жекке шығуы керек болған. Боксшы осы жекпе-жектің алдында допиң тестінен өтпей қалып отыр.
Айыптаудан кейін Жәнібек Әлімханұлы Isntagram-парақшасына жазба жариялап, «таза спорты қолдайтынын» жазды.
Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші анализ алғанда бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз! – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды. Жекпе-жек 7 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтуі керек болған.

