Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Айсұлтан Сейітов «Жеті ата» деген фильм түсірмекші

Фото: Forbes.kz
Айсұлтан Сейітов «Жеті ата» деген фильм түсірмекші. Режиссер жаңа фильмге дайындық басталғанын хабарлап отыр.

Екі жыл бойы «Жеті ата» деген жаңа фильм аясында жұмыс істеп келемін. Бұл – біз өмірде жоғалтқан, бірақ жүрегіміздің бір бөлігі болып қала беретін адамдар туралы оқиға. Түсірілім келер жылы басталады. Бұл — мен үшін маңызды жоба. Сіздерді осы сапарға қосылуға шақырамын, – деп жазды режиссер.

Айсұлтан Сейітов бұл фильмді марқұм атасына арнамақ. Ол атасы өмірден өткен сәтте қатты қиналғанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айсұлтан Сейітов 1930-1933 жылдардағы аштық туралы «Қаш» фильмін түсірген. Бұл фильм қазақ қоғамында қызу талқыланды. Туындыны мақтағандар да, сынағандар да көп болды.

Exit mobile version