Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары болды. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.
Президент жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Мәжіліс Аида Балаеваның кандитатурасын мақұлдаған. Ол мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқара береді.

