Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанада LRT-мен бір күнде 100 мың адам жүрген

Фото: City Transportation Systems ЖШС
Астанада жаңадан іске қосылған LRT желісін бір күнде пайдаланған жолаушылар саны жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қоғамдық көліктің жаңа түрі 16 мамыр күні түстен кейін іске қосылған болатын. Сол күні стансаларда жолаушылардың көп жиналғаны байқалды.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, толық бір күн ішінде LRT қызметін 100 мың жолаушы пайдаланған.

Кеше 100 мың жолаушы болды. Бұл жобалық өткізу мүмкіндігінен жоғары. Қазір жолаушылар ағыны екі есеге азайды, — деді компания басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.

Оның айтуынша, 16 мамырды қоса есептегенде LRT-ны пайдаланған адамдардың жалпы саны 180 мыңға жеткен.

Exit mobile version