Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Хантавирустан қалай сақтанамыз?

Фото: REUTERS / Dado Ruvic

Не болды?

Денсаулық сақтау министрлігі сапарға шығатын азаматтарға хантавирус инфекциясынан сақтануды сұрап, үндеу жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Вирус қалай жұғады?

Хантавирус – адамға негізінен кеміргіштерден жұғатын қауіпті жұқпалы ауру. Бұл вирус геморрагиялық қызба немесе хантавирус өкпе синдромын тудыруы мүмкін. Вирус ағзаға түрлі жолмен енеді: шаң-тозаң, ластанған тағам мен су арқылы және кеміргіш адамды тістеп алса, ауру жұғады.

Вирустан қалай сақтанамыз?

Комитет шетелге шығатын азаматтарға бірқатар ережені сақтау керек екенін ескертті. Атап айтқанда, кеміргіштермен байланысқа түспеу, олар мекендейтін аумаққа бармау, күмәнді су мен тағамды тұтынбау ұсынылады. Сонымен қатар азық-түлікті жабық ыдыста сақтап, рұқсат етілмеген сауда орнынан тамақтанбаған абзал.

Үйді жиі желдетіп, жинағанда дезинфекция құралдарын қолдану қажет. Мұндай жұмыс кезінде қолғап пен маска тағу ұсынылады. Адам көп жиылатын жерде арақашықтық сақтап, жеке гигиенаны қатаң ұстану керек.

Мамандар сапардан кейін 1-8 апта ішінде қызу көтеріліп, әлсіздік пайда болса, бұлшықет ауырсынса, жөтел немесе ентігу сынды белгілер байқалса, дереу дәрігерге қаралып, шетелге шыққанын хабарлау керек екенін айтты.

Контекст

Естеріңізге салайық, бұған дейін Аргентинадан шыққан MV Hondius круиз кемесінде хантавирус өршіген еді. Алайда мамандар бұл дүниежүзілік пандемияға ұласпайтынын мәлімдеді.

Exit mobile version