Deep Purple 2026 жылы Алматыда үлкен концерт береді

2026 жылғы 22 сәуірде әлемдік рок музыкасының аңызына айналған Deep Purple тобы Алматыдағы Almaty Arena сахнасында жанды дауыста және толық музыкалық аспаптарымен үлкен концерт өткізеді.

Билеттер жақын күндері Freedom Ticketon платформасында сатылымға шығуы жоспарланып отыр.

1968 жылы Лондонда құрылған Deep Purple хард-рок жанрының дамуына айрықша үлес қосты. Топтың Deep Purple in Rock альбомы рок индустриясында жаңа дәуір бастаса, Led Zeppelin және Black Sabbath топтарымен бірге «британдық хард-рок пен хеви-металдың бұзық жігіттер үштігін» қалыптастырды.

1975 жылы топ Гиннестің рекордтар кітабына «әлемдегі ең шулы топ» ретінде енді. Бұл атақ оларға 1972 жылы Лондондағы Rainbow Theatre сахнасындағы тарихи өнер көрсетілімінен кейін берілген.

Deep Purple мансабы барысында 100 миллионнан астам күйтабақ сатып, Rainbow, Whitesnake және Gillan сияқты спин-офф жобалардың дүниеге келуіне жол ашты. 1968 жылдан бері топтағы жалғыз өзгермеген мүше — барабаншы Иэн Пейс.

2026 жылғы концертте Қазақстан көрермендері топтың заманауи құрамын тамашалайды. Топ әлемдік басылымдарда үздік рок ұжымдарының бірі ретінде үнемі аталып келеді. VH1 тізімінде – 22-орын, Planet Rock рейтиңінде – барлық уақыттағы ең ықпалды бесінші орында, ал 2016 жылы сегіз мүшесі Рок-н-ролл Даңқ залына енді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да