Қазақстан мен Өзбекстан 3 жаңа әуе бағытын ашты

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе бағыттарын ашып, Жібек жолы бойынша ортақ турларды іске қосады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша, екі ел арасындағы туризм мен көлік байланысын күшейту жұмыстары қарқын алды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 1 желтоқсаннан бастап SCAT әуекомпаниясы үш жаңа халықаралық бағыт бойынша тұрақты рейстерді іске қосады:

  • Түркістан – Бұқара,

  • Түркістан – Үргеніш (Хиуа),

  • Түркістан – Самарқан.

Әр бағытта аптасына үш рет ұшулар жоспарланған. Билет құны – 40 мың теңге, ал бастапқы кезеңде жолаушылар ағынын қалыптастыру үшін рейстер субсидияланады.

Жаңа маршруттар Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи қалаларды ілгерілетіп, өңірлердің көлік қатынасын арттыруға және шетел туристерін тартуға бағытталған.

Туризм және спорт министрлігі Жібек жолы бойынша Орталық Азияның ортақ маршрутының жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Бағытқа Алматы, Шымкент, Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалалары енгізілген. Сонымен қатар ортақ тарихи мұра мен табиғи нысандар да маршрут құрамында.

Самарқандқа алғашқы тур kompastour компаниясымен бірлесіп іске қосылды. Қазір басқа туроператорлармен жаңа бағыттар бойынша келіссөздер жүріп жатыр. 2026 жылы Қазақстан мен Өзбекстан туристік әлеуетін бірлесіп халықаралық деңгейде ілгерілету жоспарланып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да