Қазақстандағы кедейлік 19 пайызды құрайды — Ато Браун

Сарапшының пікірінше, әдетте дамушы елдердегі кедейліктің деңгейін анықтау үшін адам басына тәулігіне 1,25 доллар коэффициенті қолданылады. Егер осы әдісті қолданса, Қазақстандағы кедейлік деңгейі 1 пайыздан аз көрсеткішті құрайды.

«Алайда, біздің ел үшін адам басына тәулігіне 5 доллардан есептеген дұрыс. Бұл БҰҰ стандарты бойынша жүргізілетін есеп. Сол кезде әлеуметтік жағдайы төмендердің саны 19 пайызға жетеді. Неліктен көрсеткіш осындай үлкен болады? Бұл — девальвация нәтижесіндегі тұрақсыз сауда тенденциясы. Ол әсіресе жағдайы орташа адамдарға қатты әсер етті. Қазір үкімет экономиканы тұрақтандыру керек. Ал ол үшін өсімнің жаңа моделі қажет«, — деп атап өтті сарапшы.

Оның ойынша, тауарды қымбат бағада экспорттау үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің саны мен сапасын арттыру маңызды.

Сонымен қатар, металлургия секторын әрі қарай дамытуды да қарастыру керек. Бірақ онда, негізгі күшті инновацияға түсіру маңызды. Жаңа технология Қазақстанға әлемдік индустрияға енуге үлкен мүмкіндік туғызады.

«Жалпы Doing Business халықаралық рейтингі бойынша соңғы үш жылда Қазақстан біраз жетістіктерге жетті», — дейді сарапшы.

Дереккөз7kun.kz