Алматылық «Қайрат» Дания астанасы Копенгагенге барып, чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур алдындағы дайындықты бастады.
Команда жергілікті уақытпен алғашқы жаттығуын өткізіп, «Паркен» стадионында өтетін маңызды ойынға сақадай сай екенін көрсетті. Кездесу 26 қараша күні өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Төрт тур қорытындысы бойынша екі команда да бір-бір ұпай жинаған. Турнирлік кестеде «Копенгаген» 33-орынға жайғасқан, ал «Қайрат» 34-орында. Даниялық клуб алматылықтардан тек голдар айырмасымен ғана алда.
Алдыңғы ойында «Қайрат» сырт алаңда «Интерден» 1:2 есебімен ұтылып қалған. Ал «Копенгаген» Лондонда «Тоттенхэмге» 0:4 есебімен есе жіберді.
