Алматыда жаңа қоғамдық көлік желісі іске қосылды

22 қарашадан бастап Алматыда қоғамдық көліктің жаңа №84 бағыты іске қосылады. Бұл туралы «Алматыэлектротранс» коммуналдық автопаркі хабарлап отыр.

Жаңа бағыт «Мөңке би/Оңғарсынова» аялдамасынан басталып, «№7 қалалық ауруханаға» дейін жүріп, қайтадан бастапқы нүктеге оралады. Кері бағытта қатынайтын №84А автобусы SMALL супермаркетінен шығып, «Мөңке би/Оңғарсыноваға» дейін барып, сол жерден қайта SMALL-ға бағыт алады.

12d820df214b5f947633b82a17f107e6 Алматыда жаңа қоғамдық көлік желісі іске қосылды
Фото: «Алматыэлектротранс»

Екі бағытта да барлығы алты автобус қызмет көрсетеді. Жолаушыларға қолайлы болу үшін қозғалыс аралығы – 20 минут. Автобустар күн сайын сағат 06:00-ден 23:01-ге дейін жүреді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да