Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламға көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Вьетнамның орталық аймақтарында болған су тасқыны салдарынан көптеген азаматтың қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың туыстарына сабыр, ал жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.