Не болды?
Өскеменде жаңа ЖЭС-3 келер жылы салына бастайды. Оны «Өскемен-Энерго» компаниясы тұрғызады. Бұл туралы бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылғы өңірдің дамуы туралы баяндамасында мәлімдеді.
Мәлімет
Оның айтуына қарағанда, қазіргі уақытта қалада сағатына 267 гигакалория жылу тапшы. Жаңа станция шамамен 360 МВт электр энергиясын және сағатына кемінде 1 мың гигакалория жылу өндіреді.
Құрылысты 2029 жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. ЖЭС тұрғызатын жер анықталған, қазір инфрақұрылымды жеткізу мәселелері қарастырылып жатыр.
