Баласы бар ата-ана ыңғайлы жұмыс кестесін талап ете алады

Не болды?

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкіліне «Кішкентай баласы бар ата-ана қысқарған жұмыс күнін енгізе ала ма?» деген сұрақ қойды. 

Мәлімет

«Кішкентай баласы бар ата-ана қысқарған жұмыс күні кестесімен жұмыс істей ала ма?» деген сұрақ мәжілісте бұған дейін де қойылған еді. Министрлік өкілдері «жұмыс берушімен келіссе, істе алады» деп жауап берген.

Алайда іс жүзінде жұмыс берушілер жұмыскердің ұсынысына келіспеген. Осы орайда менің сұрағым: қоданыстағы еңбек заңнамасына сай жұмыс беруші баласы бар ата-анаға қысқартылған жұмыс уақытын беруге міндетті ме? Ондай ата-аналарды қорғау үшін министрлік не істеп жатыр? — деді Қарақат Әбден.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Асқарбек Маратұлының айтуынша, жалпы, жұмыскер жұмыс берушімен алдын ала келісуі керек. Ал жұмыс беруші келіспей жатса, не сұраған кестесін жасап бермесе, жұмыскер тиісті жерге арызданады. Арыз түскеннен кейін, министрлік араласып, көмектеседі.