Қазақстанда берілген диплом шетелде мойындалады

Не болды?

Мәжіліс 2011 жылғы 26 қарашада Токиода ЮНЕСКО-ның қолдауымен қабылданған жоғары білім беру саласындағы білікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялаған еді.

Құжат бойынша, Қазақстанда берілген диплом Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Азия-Тынық мұхиты аймағының басқа да елдерінде мойындалады.

Мәлімет

Құжат бойынша, 12 мемлекет білім беру бағдарламаcында айырмашылық болмаса, басқа елдерде берілген дипломды мойындауға міндетті. Әр мемлекет жоғары білім туралы ақпарат беретін ұлттық ақпараттық орталық ашады. Орталықта елдегі білім беру саны мен сапасы туралы ақпарат мәлімдеп отырады.

Қазіргі таңда Токио конвенциясына Ауғанстан, Армения, Аустралия, Қытай, Фижиан, Ватикан, Жапония, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея Республикасы, Ресей және Түркия сынды 12 мемлекет мүше.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да