Қазақстандағы стоматолог мамандар клиникалық зерттеу жүргізді. Дәстүрлі темекіден бас тартып, қыздыратын темекі сияқты балама өнімдерге ауысқан бұрынғы темекі шегетіндердің ауыз қуысының жағдайы алты айдан кейін-ақ айтарлықтай жақсарған.
Ғалымдар темекі шегетін ересектердің екі тобын өзара салыстырды: бір топ бұрынғыша дәстүрлі, яғни отпен тұтандыратын темекі шегуді жалғастырды, ал екінші топ түтінсіз баламаға – темекіні қыздыру жүйесіне ауысқан. Зерттеу қорытындысы бойынша, қыздыратын темекіге ауысқандарда қызылиек қабынуы айтарлықтай азайған. Бұрын анықталған ауыз қуысының шырышты қабығындағы қатерлі ісік алдындағы өзгеріс (гиперкератоз) толығымен жойылған. Ал темекі шегуді жалғастырғандарда, керісінше, тіс пен қызылиек жағдайы тұрақты түрде нашарлаған.
Зиян әсер қалай өлшенді
Зерттеу ресми түрде «Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, темекі шегуден қыздыратын темекі өнімдерін (ҚТӨ) қолдануға ауысқаннан кейінгі ауыз қуысының жағдайын зерттеу» деп аталады.
«Қазақстан стоматологтар сарапшылық қоғамдастығы» РҚБ президенті Мейрам Раганиннің айтуынша, бұл зерттеу еліміздің төрт ірі қаласында — Астана, Алматы, Шымкент және Өскеменде жүрді. Зерттеуге 35–44 жас аралығындағы 80 темекі шегетін адам қатысқан. Олар теңдей екі топқа бөлінді: бір топ кәдімгі темекі шеге берген, ал екінші топ кәдімгі темекіден қыздыратын темекі өнімдеріне ауысқан. Зерттеу алты-сегіз айға созылған. Нәтижеге әсер етпеуі үшін, ауыр созылмалы аурулары бар адамдар зерттеуге қатыстырылмады.
Бізге ауыз қуысының жағдайын білу ғана емес, жанатын кәдімгі темекіден бас тартқандағы өзгерістерді бақылау маңызды болды, — дейді стоматолог дәрігер, PhD Мейрам Раганин.
Дәрігерлер өзгеріс динамикасын (даму барысын) қадағалау үшін бірқатар көрсеткіш өлшеді:
- КПЖ индексі (кариес арқылы зақымдалған, пломба салынған және жұлынған тістердің санын анықтау);
- РМА индексі (қызылиек қабынуының деңгейі);
- шырышты қабық жасушаларының цитологиялық талдауы (гиперкератозды, яғни қатерлі ісік алдындағы өзгерістерді анықтау);
- аутофлуоресцентті стоматоскопия – арнайы шаммен тексеру әдісі. Бұл кезде сау тіндер жасыл түспен, ал зақымдалған аймақтар қызыл немесе күңгірт түспен жарқырайды.
Нәтиже қандай?
Екі топтың нәтижесі тіптен әртүрлі болды. Дәстүрлі темекі шегетіндер тобын бақылау кезінде кариестің жаңа ошақтары пайда болып (КПЖ индексі өсті), қызылиек қабынуы күшейді (РМА көрсеткіші нашарлады). Цитологиялық талдаулар гиперкератоздың өршігенін растады – темекі шегетіндердің қатерлі ісік алдындағы өзгеріс бар жасушалар саны артты. Флюоресцентті тексеру кезінде шырышты қабықтағы «сау» жасыл аймақ азайып, қызыл және күңгірт аймақтардың саны өсті (бұл — қабыну мен тіндердің ықтимал зақымдану белгілері).
Қыздыратын темекіге ауысқандар тобында, керісінше, алты айдан кейін ауыз қуысының жағдайы айтарлықтай жақсарды. Бұл топта кариестің жаңа жағдайлары анықталмады (КПЖ индексі өзгеріссіз қалды) және гингивиттің (қызылиек қабынуы) дәрежесі төмендеді (РМА индексі жақсарды). Одан да маңыздысы, цитологиялық тұрғыда гиперкератоз белгілері бар жасушалар жоғалды, яғни қатерлі ісік алдындағы өзгерістердің белгілері қалмады. Флюоресцентті диагностика деректері бойынша, кәдімгі темекіден бас тартқандардың шырышты қабығы әлдеқайда сау көрінді: жасыл аймақ басым болып, патологиялық ошақтар іс жүзінде жойылды.

Зерттеу соңында кестеден ҚТӨ қолданушылар тобындағы барлық көрсеткіш кәдімгі темекі шегуді жалғастырғандардың тобына қарағанда әлдеқайда жақсы болғанын көруге болады.
Дәрігерлер не дейді?
Дәрігер Раганин бұл алынған деректердің практикалық маңызы зор екенін баса айтып отыр. Нәтиже қыздыратын темекінің кәдімгі темекіге қарағанда зиянды аз екенін дәрігерге объектив түрде көрсетті. Зерттеу тобының бір бөлігі бастапқыда бұл тәсілге күмәнмен қарағанымен, тәжірибе барысында және нәтижесінде бұл ойдан арылған.
Қыздыратын темекінің зияны кәдімгі темекіге қарағанда ағзаға зияны шынымен аз, — деді стоматолог дәрігер, PhD Мейрам Раганин.
Бұл тәсіл зиянды азайтудың жалпы тұжырымдамасына сәйкес келеді — ағзаға ең үлкен зиянды темекінің жанатын өнімдері тигізеді. Темекі қыздырған кезде жану процесі болмайтындықтан, бөлінетін токсиндер мөлшері айтарлықтай аз болады. Бұл қағиданы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да мойындаған, ал осы зерттеудің нәтижелері жаңа дерек ретінде оның ауыз қуысы денсаулығы үшін пайдалы екенін растайды.
Енді бұл қорытындыны тәжірибеге енгізу қажет: зерттеу нәтижесі отандық медицинаның дәлелді базасын толықтырады және темекі шегуден болатын зиянды азайту бойынша одан әрі ұсыныстардың негізі болады. Қазіргі таңда зерттеудің авторлары алынған нәтижені толық сипаттайтын ғылыми мақаланы жариялауға дайындалып жатыр.
