Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Михаил Ломтадзе «Жеңіс» клубының иесі болды

Фото: "Жеңіс" футбол клубының ресми сайты
Кәсіпкер, Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе елордалық «Жеңіс» футбол клубына және Астанада әлемдік деңгейдегі балалар академиясын құруға инвестиция салады.

Бұл туралы футбол клубының ресми сайты хабарлап отыр.

Бұған дейін ол әлемдік деңгейдегі футбол академиясын жасау жоспары туралы хабарлаған еді. Ендігі кезекте академияның Астанадағы «Жеңіс» футбол базасында салынатыны анықталды. Онда жас таланттар халықаралық стандарттар бойынша тегін жаттыға алады.

Арманым — Қазақстанда және Англияда ең талантты жас футболшылар, болашақ жұлдыздар тәрбиеленетін әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын ашу. Оқу толығымен тегін . Жас спортшылар еліміздің және футболдың отаны — Англияның жетекші мамандарымен жаттығуға мүмкіндік алады, — деді Михаил Ломтадзе.

Мақалаға реакция