Не болды?
Абай облысының әкімі Берік Уәли олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 10 миллион теңге сертификатын табыстады. Сыйлық өңір жұртшылығы атынан берілді.
Мәлімет
Облыс басшылығына, спорт саласының өкілдеріне және чемпионатты жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан барлық адамға алғысымды білдіремін. Қатысушылар арасынан болашақ олимпиада чемпиондары өсетініне сенемін. Оларға сәттілік тілеймін! – деді Олимпиада чемпионы.
Анықтама
Елдос Сметов — ел тарихындағы дзюдодан тұңғыш олимпиада чемпионы. 2016 жылғы Рио олимпиадасының күміс жүлдегері. Ол 2024 жылы Париж олимпиадасында топ жарғаннан бері әлі ешқандай ірі додаға қатысқан жоқ.

