Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Грузияда Түркияның әскери ұшағы апатқа ұшырады

Фото: Reuters

Не болды?

Әзербайжаннан ұшқан Түркияның C-130 әскери-көлік ұшағы Грузия аумағында  апатқа ұшырады. Ұшақта 20 түрік әскери қызметкері мен экипаж мүшелері болған. Ешкім аман қалмаған.

Мәлімет

Грузия мен Түркия билігі ұшақ ішіндегілерді іздеу-құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Грузия ішкі істер министрлігі ұшақтың Әзербайжан шекарасынан шамамен бес шақырым жерде құлағанын растады.

Министрлік дерегінше, C-130 ұшағы апат туралы сигнал бермеген. Грузияның әуе кеңістігіне кіргеннен кейін бірнеше минут ішінде радардан жоғалып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметі мен полиция Сигнах муниципалитетіндегі апат орнына жеткен. Куәгерлердің айтуына қарағанда, оқиға орнынан түтін көтерілген.

Түркия президенті Режеп Ердоған апат болғанына қайғырып, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Апаттың себебі анықталып жатыр.

Анықтама

Lockheed Martin компаниясы әзірлеген C-130 Hercules – орта және ұзақ қашықтыққа ұшатын әскери-көлік ұшағы. Ол әскери жүкті, жеке құрамды және эвакуациялық миссияларды орындауға арналған.