Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Шымкентте шенеуніктен 10 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды

Фото: Polisia.kz
Шымкентте мемлекеттік қызметкерден 10 миллион теңге талап еткен блогер-журналист ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлап отыр.

Тергеу мәліметінше, күдікті әкімдік қызметкерінен ақша талап етіп, бұл сомаға мемлекеттік органдардың қызметін әлеуметтік желілерде қаралайтын материал таратпауға уәде берген.

Блогер-журналист лауазымды тұлғадан 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Ол материал жарияламау үшін осындай соманы алмақ болған, – деді полицейлер.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізілген. Нәтижесінде бірнеше электрон құрылғы мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Мақалаға реакция