Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап автолизиң іске қосылады

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жеке тұлғалар үшін жаңа автолизиң бағдарламасы іске қосылады.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Instagram-парақшасында мәлімдеп отыр.

Көлік сатып алу — көптеген азамат үшін қиын мәселе. Көпшіліктің қымбат несие алуға немесе жылдар бойы алғашқы жарна жинауға мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселені біз екі жыл бұрын алғаш көтердік. Бүгінде ол нақты нәтиже берді, президент тапсырмасымен жеке тұлғаларға арналған автолизиң механизмі іске қосылады, — деді депутат.