Амстердамда Алматы музейінің көрмесі ашылды

Нидерланд Корольдігінің астанасы Гаагада 30 қазан күні Алматы музейлер бірлестігінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» атты көрмесінің ашылуы өтті.

Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл іс-шара қазақ халқының бай мәдени мұрасын шетел жұртшылығына танытатын маңызды мәдени оқиға.

Көрменің ашылуына дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар басшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара Алматы әкімдігінің, Қазақстан мен Түркияның Нидерландтағы елшіліктерінің және Юнус Эмре институтының қолдауымен ұйымдастырылды.

Бес тақырыптық бөлімнен тұратын экспозицияда Алматы музейлер бірлестігінің қорынан алынған 70-тен астам жәдігер қойылған. Олардың қатарында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрін бейнелейтін этнографиялық бұйымдар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары және қазақ пен түркі халықтарының музыкалық аспаптары бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да