2025 жылғы қарашада Қазақстан азаматтары 10 күн демалады. Оған айдың алғашқы күндері сенбі мен жексенбіге түсіп отырғаны себеп болды.
EGov сайтында жарияланған мереке мен демалыс күндерінің күнтізбесі бойынша, Қазақстан тұрғындары қараша айында 10 күн демалады.
Айдың алғашқы күндері 1 мен 2-қараша да, соңғы күндері 29 мен30-қараша да сенбі мен жексенбіге түсіп тұр. Сол себепті қарашада мемлекеттік мерекенің жоқтығына қарамастан, Қазақстан азаматтары бес күндік жұмыс аптасы аясында 10 күн демалатын болады.
