Медицинадағы цифрландыру. Жүйелі жаңару мен іске асыру ісіндегі қиындық

Еліміздің денсаулық сақтау саласын цифрландыру – жаңғырту жолындағы жұмыстардың бас бағыты. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі автоматтандырылып, науқас пен медицина қызметкерінің жұмысын жеңілдетуге бағытталған маңызды жобалар іске қосылды.

Медицина саласындағы жаңашылдық

Қазақстандағы медициналық деректі біріктіру үшін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылып жатыр. Барлық медициналық ұйымда емделіп жатқандарды цифрлық сәйкестендіру жүйесі – «Цифрлық құжат» және Face ID жобалары да енді.

Есептеу мен төлемнің ашық әрі әділ болуы үшін өңірлерде «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» жобасы іске қосылды. Анықтамалар да электрон форматқа көшіп жатыр.

Цифрландырудың ауқымдылығына қарамастан, іс жүзінде бірқатар қиындық бар. Мысалы, Семейдегі «Орталық қаралу емхана» МСАК меңгерушісі Гүлзат Қопанованың айтуынша, жүйенің жиі жаңаруы мен өзгеріс кейде шикі болып, жұмыс процесін қиындатады.

Бағдарлама «қатып қалып», жұмыста күтпеген қиындық туып жатады. Бұл тек біздің мекемеде емес, өзге өңір, аймақтағы әріптестерімізде де болып жатыр. Кейін енген Face ID жобасы тиімді болғанымен, мүгедектігі бар, арбадағы пациенттерге қолайсыз, – дейді ол.

Дегенмен маман цифрландырудың болашағы зор екенін растап отыр.

Бағдарлама, цифрлық жүйе тұрақты және жақсы істейтін болса, медицина қызметкерлерінің құжат толтыру жүктемесін айтарлықтай жеңілдетіп, науқасқа көңіл бөлуге мүмкіндік беретін еді. Қазірдің өзінде бірнеше жыл бұрынғы тәжірибемен салыстырғанда айтарлықтай оң өзгеріс бар, — дейді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да