Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Рамазан Айнегов триатлоннан күміс жүлде жеңіп алды

Фото: Сали Сабиров

Не болды?

Бахрейнде триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтіп жатыр. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Рамазан Айнегов күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Qazsport.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Суперспринт» бағдарламасы бойынша Қазақстанның намысын екі спортшы қорғады. Нәтижесінде Рамазан Айнегов екінші болып мәре сызығын кесті. Ал Артем Бедрин жетінші орын алды.

Жарыс жеңімпазы — қытайлық Ли Янсон. Ал оңтүстіккореялық Ву Хён Кан үшінші орынға ие болды.

Мақалаға реакция