Не болды?
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін енді «ЦОН» мобайл қолданбасы арқылы алуға болатынын хабарлайды.
Мәлімет
Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, «ЦОН» мобайл қолданбасы арқылы бере алады. Жүйе азаматтың медициналық анықтамасы бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.
Өтініш жіберілгеннен кейін азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазылады. Мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді.
Пилот жоба ішкі істер министрлігі, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүзеге асып жатыр.
Қазіргі уақытта жаңа қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилот жобаның мерзімі 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін. Осы кезеңде қызметтің тиімділігі мен қолайлылығы бағаланады.
«ЦОН» мобайл қолданбасы болашақ жүргізушілерге қосымша мүмкіндіктер ұсынады: қолданушылар теориялық және практикалық емтихандарға, сондай-ақ сынақ емтиханына жазыла алады. Бұдан бөлек, қолданбада көлік сатып алу-сату шартын рәсімдеу, автокөлік тарихын тексеру және өзге де электрондық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін функциялар бар.
