Солтүстік Қазақстанда көлік жылдамдығына шектеу қойылды

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

Ақмола облысында қалың тұман түсіп, көру деңгейі төмендеген. Осыған байланысты Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы бағытындағы тасжолдың 144–180 шақырым аралығында автокөліктің барлық түріне жылдамдық режимі шектелді.

Мамандар жүргізушілерге жолда сақ болуды, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды және ауа райының қолайсыздығын ескеруді ескертеді.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, жүргізушілер қосымша ақпаратты 1403 бірыңғай байланыс орталығынан тәулік бойы ала алады.