Басты бетЖаңалықтарДональд Трамп...

Дональд Трамп Ресей мен Украинаны келісімге шақырды

«Бір күннің ішінде мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина сыртқы істер министрі Павел Климкинмен кездестім. Бейбіт өмір сүрейікші», — деп жазды Трамп  өзінің Twitter блогында.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттер Трамптың Климкинмен шынымен кездескенін растады. Бұл туралы алдын ала хабарланған жоқ еді.

Ресей мен Украина 2014 жылы жанжалдасып қалды. Ресейдің агрессиясы Еуропалық одақ пен АҚШ-тың Мәскеуге санкция салуына түрткі болды. Трамп әкімшілігі Ресей 2015 жылғы бейбіт келіссөз шарттарын толық орындамай, бұл санкциялар жойылмайтынын мәлімдеді. АҚШ президенті сайлау қарсаңындағы науқанда Ресеймен қарым-қатынасын жақсартуға берген уәдесін орындауға тырысып жүр.

ДереккөзCentralasian.org