Астанада ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 60-қа жуық адамды құтқарып, эвакуациялады. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.
Астананың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты. 2-ден 5-қабатқа дейінгі электр қалқандарында электр сымдары жанып, жалпы 12 метр аумақты шарпыған.
ТЖД күштерімен 50 адам эвакуацияланды. Тағы сегіз адам, оның ішінде екі бала, үш иінді саты мен арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
