Не болды?
Қазанның 10 күні зымыран-ғарыш өнеркәсібінің ғылыми-сынақ орталығында Ресей «Союз-5» зымыранын бірінші сатылы жер үсті оттық сынағынан өткізді. Бұл туралы Роскосмос хабарлап отыр.
Мәлімет
Сынақ кезінде 800 тонна тарту күшіне ие РД-171МВ қозғалтқышы қолданылады. Ол керосин және сұйық оттекпен жұмыс істейді. Сынақ ұзақтығы 160 секундқа созылған.
Сынақ барысында борттық жүйелердің өзара жұмысы тексерілді.
Бұл сынақ — болашақ ауыр класты зымыранның бірінші сатысы. Ол «Союз-5» зымыранының биылғы жылдың соңында Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылуына жол ашты,- делінген хабарламада.
