Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жаңа заң: «Мұғалім мобилограф, блогер, күзетші емес»

Асхат Аймағамбетов. Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Не болды?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ұстаздар күні қарсаңында «Педагог мәртебесі туралы» заңға енгізілуі мүмкін түзетулер тізімін жариялады.

Мәлімет

Депутаттың айтуынша, мұғалім мобилограф, блогер, күзетші немесе чат модераторы емес. Оның бас жұмысы – баланы оқыту. Ол кәсіби мереке қарсаңында мұғалімдерді құттықтау ғана емес, оларды қорғау да маңызды екенін мәлімдеп отыр.

Қандай өзгерістер енгізіледі?

  1. Қайталап тапсыратын есеппен күрес. Қағаз бен цифрдің бірін ғана толтырады, біреуі жеткілікті. Күнделік, НОБД немесе Bilimland-тің біреуіне ғана енгізілген дерек бірнеше жүйеде қайталанбауға тиіс.
  2. Instagram/Facebook-ті мұғалім қаласа ғана жүргізеді. Мұғалімді пост жазуға немесе блог жүргізуге мәжбүрлеуге болмайды.  Чаттар мен хабарламалар – тек ресми LMS жүйелері мен электрон поштада жазылсын.
  3. Жауапкершіліктің айқын шегі. Мектептен тыс жерде болған оқиғаға мұғалім жауап бермейді. Ол күзетші де, детектив те емес. Бұған қоса, біз заңда алғаш рет «Мұғалімге тән емес функциялар» деген түсінікті анық жаздық. Бұның арқасында қорғану оңайырақ болады.
  4. Мектеп пен ата-ана келісімі. Мектеп пен ата-ана арасындағы келісімнің мәртебесі күшейеді. Тәрбие – ортақ іс. Бар ауыртпалық мұғалімге ғана түспеуге тиіс. Енді ата-ана мен мектеп осы келісімшартты қатаң ұстануға міндетті.
  5. Шынайы қорғаныс. Педагог мәртебесін бұзатын адамдарға артылатын айыппұл көлемі күрт өседі. Бұған қоса, заңға «мұғалімге психологиялық және дене зорлық-зомбылығын көрсетуге мүлдем жол берілмейді» деген норма енгіздік.

Біз, депутаттар, қадамымызды жасадық: мемлекет басшысы берген тапсырмалары мен педагогтардың ұсыныстары негізінде арнайы түзетулер әзірлеп, үкіметке жібердік. Енді ресми қорытынды күтеміз. Кәсіби мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер! Құттықтаймыз. Қорғаймыз. Заң арқылы бекітеміз, — деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Exit mobile version