Алматы «губка-қалаға» айналуыға қалай дайындалып жатыр?

Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қоры Tikkurila by PPG компаниясымен бірлесіп, қалалық судың болашағына арналған Urban Water 2025 атты білім беру бағдарламасын ұсынады.

Алматыда кең аудитория мен кәсіби қауымдастық үшін «губка-қала» (су жинайтын қала) тұжырымдамасын ілгерілетуге және табиғи шешімдерге жақын тәсілдерді (nature-based solutions, NbS) қалалық ортаға енгізуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өтеді.

Бағдарлама аясында ашық дәрістер мен кәсіби қауымдастыққа арналған семинарлар өтеді:

  • 8 қазан, 18:30, Smart Space (Байзақов көш., 280)
    Франциялық урбанист Surava Kumar Biswas (Sponge Collaborative) «губка-қаланың» климаттық қауіптермен күресудегі рөлі туралы дәріс оқиды. Тіркелу сілтемесі.

  • 9 қазан, 18:30, Smart Space (Байзақов көш., 280)
    Қытайлық сарапшы Hanyu Shi (Turenscape) дәстүрлі тәжірибелерден шабыт алған кешенді «губка-қала» тәсілі жөнінде баяндама жасайды. Тіркелу сілтемесі.

Сонымен қатар қала әкімдігі қызметкерлеріне, урбанистерге, сәулетшілер мен қала құрылысы мамандарына арналған тәжірибелік семинар ұйымдастырылады.

Бағдарлама шеңберінде Алматыдағы су тақырыбына арналған мурал эскиздері байқауы да өтіп жатыр. Жобаны Almaty Creative орталығы қолдап отыр. Өтінімдер 7 қазанға дейін қабылданады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да