Не болды?
30 қыркүйекте Алматыда Орталық стадион маңында электросамокат айдайтындарға шектеу енді.
Мәлімет
Бірнеше самокат жалға беру сервистерінің карталарына қарағанда, қозғалыс стадионды айнала орналасқан мына көшелер аумағында шектелген:
-
Байтұрсынов көшесі – Шевченко көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін;
-
Сәтбаев көшесі – Масанчи көшесінен Жандосов көшесіне дейін;
-
Абай даңғылы – Масанчи көшесінен Жандосов көшесіне дейін.
Контекст
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал» матчы болып жатқанда қалада көлік қозғалысы шектеледі.
