Астанадағы LRT пойызы сынақ режимінде қашан жүретіні белгілі болды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT пойыздары сынақ режимінде 29-30 қыркүйекте жүретінін айтты.

29-30 қыркүйекте «Әбу-Даби» бекеттері арасында және Мәңгілік Ел көпірі бағытында алғашқы пойызды іске қосамыз. Алдағы уақытта жұмыс уақытын күн сайын ұлғайтамыз. Станциялар санын және бағыттардың ұзақтығын да көбейтеміз. Пойыздар ай сайын артады, — деді Жеңіс Қасымбек мәжіліс кулуарында.

LRT үш айдан алты айға дейін сынақ режимінде жүреді. Қазан айында тағы сегіз пойыз жетуі керек, ал барлық 18 пойыз желтоқсанға дейін пайдалануға дайын болады.

Бұған дейін LRT-дегі жолақы 100-200 теңге шамасында болады делінген еді.

Биылғы маусымда Астанадағы әуежай маңында LRT-ның алғашқы вагоны пайда болған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да