Қазақстанда 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс басталды.
Бұл туралы атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлап отыр.
Конкурсқа әр Қазақстан азаматы eGov Mobile арқылы қатыса алады.
Сауалнама eGov Mobile мобайл қолданбасында жүргізіледі. Басты парақшада «АЭС-ға атау ұсыныңыз» баннері орналастырылған, ал пайдаланушыларға конкурстың басталғаны туралы push-хабарлама жіберіледі.
Бастаманың мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқын көрсететін атау таңдау.
Қатысу үшін:
- тілді таңдау (қазақ немесе орыс);
- өз нұсқасын ұсыну;
- атаудың мағынасын қысқаша сипаттау (міндетті емес);
- конкурстың ресми қағидаларымен танысқанын растау.
Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазандағы сағат 23:59-ға дейін жалғасады.
Конкурс қағидаларымен атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады. Ұйымдастырушылар барлық азаматты еліміздің энергетика саласының тарихына үлес қосып, Қазақстанның алғашқы АЭС-на атау ұсынуға шақырады, – делінген хабарламада.
