Backstreet Boys Қазақстанға алғыс айтты

Не болды?

Атақты Backstreet Boys тобы Астана мен Алматыдағы концерттерінен кейін әсерін жеткізіп, Қазақстандағы тыңдармандарына алғыс айтты.

Мәлімет

Музыканттар Instagram-да жариялаған жазбада елге келген алғашқы минуттардан бастап, өздерін жайлы сезінгенін айтып өтті. Олардың айтуынша, көрермендердің шынайы қонақжайлығы мен қолдауы турды ерекше еткен.

Бұл ұмытылмас сапар болды. Концертке келіп, бізге қуат сыйлаған баршаңызға алғыс айтамыз,- деп жазды олар.

Жазба астында Қазақстандағы тыңдармандар музыканттарға шоу үшін рақмет айтып, домбырамен түскен суретттері мен ағаш отырғызған сәтті еске алды.

Контекст

Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда Backstreet Boys тобының концерті өтті. Қазақстан азаматтары қонақтарды ерекше күтіп алды.

Ақпарат

Backstreet Boys — 1993 жылғы 20 сәуірде Орландо қаласында құрылған америкалық музыкалық топ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да