Алматыда полиция қызметкерлері мас күйде жүк көлігін жүргізген жүргізушіні ұстады. Бұл туралы полиция департаменті хабарлап отыр.
ПД мәліметінше, медициналық куәландырудан кейін жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Соттың шешімімен ол жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Біз мас күйде көлік басқару деректеріне қатаң тосқауыл қойып келеміз. Бұл – жол қозғалысы қауіпсіздігіне төнетін ең елеулі қатерлердің бірі. Қабылданған шаралар полицияның қағидатты ұстанымын көрсетеді: осындай құқықбұзушылықтар жазасыз қалмайды. Мас күйде көлік басқаруға жол берілмейді, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
