Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Ұлытауда 3 жасар бала газдан уланды: оның жағдайы ауыр

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ұлытау облысы Жәйрем ауданында үш жасар бала газдан уланды. «Қазавиақұтқару» қызметі баланы шұғыл түрде Жезқазғанға жеткізді.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Бала ауыр хәлде. Үш жасар бала газдан уланған. Ол ауыр халде болғандықтан, мамандар оны дер кезінде облыстық орталыққа жеткізді, — делінген хабарламада.

Тікұшақ ішінде баланы дәрігерлер қарап, оған жасанды ауа жіберіп отырған.

Мақалаға реакция