Басты бет / Жаңалықтар /
Гол қақпа, футбол
Фото: Ustinka.kz

FIFA рейтиңінде Қазақстан құрамасы 118-орынға түсті

FIFA ерлер құрамаларының жаңа рейтиңі жарияланды. Қазақстан ұлттық құрамасы төрт сатыға төмендеп, 118-орынға тұрақтады.

Құрама Нигер мен Индонезияның арасында тұр.

Бұл көрсеткіш 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қыркүйектегі нәтижелермен байланысты. Астанада Қазақстан Уэльске 0:1 есебімен жол берсе, Брюссельде Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылды.

FIFA тізімінің көшбасында да өзгерістер болды:

  • Испания бірінші орынға көтерілді,
  • Франция екінші орнын сақтап қалды,
  • Аргентина үшінші орынға түсті,
  • Германия ТОП-10-нан шығып, 13-орынға сырғыды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok