Непалда жаппай наразылықтардан соң әскерилер ел аумағында коменданттық сағат енгізді. Бұл туралы 24.kz хабарлап отыр.
Бұл уақыт аралығында тек жедел жәрдем, өрт сөндіру және қауіпсіздік қызметтерінің көліктеріне ғана жүруге рұқсат берілген. Сонымен қатар Катманду халықаралық әуежайы уақытша жабылды.
Әскерилердің мәлімдеуінше, наразылыққа қатысушылардың арасында қасақана бүлдірушілер анықталған. Олар өрт қойып, тонау әрекеттеріне барған. Құқық қорғау органдары шамамен 30 адамды қамауға алды.
Наразылықтар халыққа ауыр зардап әкелді. Біздің міндетіміз – елдегі тәртіпті қалпына келтіріп, жаңа шығындарға жол бермеу. Мұндай жағдайда жалғыз дұрыс шешім – диалог арқылы ортақ келісімге келу, – деді Непал армиясы штабының бастығы Ашок Радж.
Наразылық кезінде үкімет сарайы, парламент, жоғарғы сот және бірқатар ғимаратқа өрт қойылған. Қазір еріктілер қала көшелерін қоқыс пен сынған әйнектен тазартуға кірісті.
Айта кетейік, наразылық әлеуметтік желілердің бұғатталуы мен биліктегі жемқорлыққа қарсы қарсылықтан басталған. Шеру кезінде қақтығыс болып, 25 адам қаза болып, 600-ден астам адам түрлі жарақат алған.
Премьер-министр Шарма Оли жағдайдан соң отставкаға кетті. Ал үкімет мүшелері әскери тікұшақтармен эвакуацияланып жатыр. Олардың үйлері де өртенген. Оппозициялық ұлттық-демократиялық партияның барлық мүшесі отставкаға кеткен.
