Не болды?
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Новороссийскідегі теңіз терминалында мұнай төгілуіне байланысты қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеді. Бұл туралы КҚК хабарлап отыр.
Мәлімет
Тексерістен кейін Росприроднадзор төгілген мұнайдың көлемі 8,43 текше метрді немесе 6,7 тонна болғанын анықтады.
8 қыркүйекте КТК басшылығына су нысанына келтірілген зиянды ерікті түрде өтеу туралы талап түсті.
10 қыркүйекте «КҚК» АҚ толық көлемде тиісті төлемді төледі. Төлем сомасы 179 298 490 рубль (1,1 миллиард теңгеден астам) болды, – делінген хабарламада.
Анықтама
Росприроднадзор — Ресейдің табиғатты пайдалану саласындағы федералдық қадағалау қызметі.
