Қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы жиналыс жайындағы хабарламаларды бір-біріне таратып жүр.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев республикалық ата-аналар жиналысын өткізуге мүдделі екенін мәлімдеген болатын. Ал 2 мамыр күні өткен Үкімет отырысында аталған жиналыстың нақты уақытын да жариялаған.
«Осы сәтті пайдалана отырып, министрліктің 12-мамырда ата-аналардың республикалық жиналысын өткізуді жоспарлап отырғанын айтқым келіп отыр. Бүгінде ата-аналар жиналыстарына адамдардың қатысу деңгейі өте төмен, адамдардың тек 10 пайызы ғана қатысады. Енді, мамырдың 12-сі күні, барлық мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына ата-аналарды жиналысқа уақытында жіберуге Үкімет тарапынан тапсырма беруді сұраймыз. Осы жиналыста мектептердің қамқоршылық кеңесін сайлаумен білім саласының өзекті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр», — деді Ерлан Сағадиев.
Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен ұлы мессенджерлер арқылы таралып жүрген хабарландыруда жиналыстың уақыты сағат 18:30-ға белгіленіп отыр.