Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ата-аналар мектептегі жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан босатылады

«Ата-ананың бала тәрбиесiндегi рөлi төмендеп кеттi деген пiкiрмен келiсемiз. Ата-аналар жиналыстарға бармайды. Ата-аналардың 40 пайызына дейiн 11 жылда мүлде мектепке бармайды. Бiз барлық мемлекеттiк органдар, компаниялар, жеке секторды ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрайтын боламыз. Оларға осы бiр-екi күнде ата-аналар жиналысына қатысуына мүмкiндiк беру керек», — дедi министр Ерлан Сағадиев бүгiн жастар мәселесi қаралған Үкiмет отырысында.

Бұған дейiн министр Сағадиев қызметкерлердi жұмыстан уақытында босату мәселесiн көтерген болатын. Өйткенi, оның айтуынша, қазiргi уақытта жұмысбасты ата-аналар бала тәрбиесiне дұрыс көңiл бөлмейдi.

«Жұмыс берушi қызметкерлердi уақытында, сағат алтыдан кейiн ата-аналарды үйге жiберсе, дұрыс болады деп есептеймiз. Мұндай тәжiрибе қажет. Ата-аналардың жұмыста кешiгуiнiң әлеуметтiк бағасы жоғары», — дедi министр.

Мақалаға реакция

10 Пікір

  1. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    ӨТЕ ДҰРЫС
    1. А
      Аноним 9 жыл бұрын
      мен
  2. Ж
    Жанар 9 жыл бұрын
    Сонда мектеп, сынып жетекші жиналысты кешкі 6-дан кейін жасау керек па? Қалай сонда? Басқа жерде жасаған ата-аналардың құқығы қорғалса, мектепте жұмыс жасайтын мұғалім де ата-ана. Олардың құқығын кім қорғамақ? Мектепте ең соңғы 6-шы сабақ 17.35-те бітеді? Мектептегі мұғалім ата-аналар қалай кешкі 6-да босайды екен? Қызық.
  3. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    4 те босату керек
  4. С
    Сая 9 жыл бұрын
    менің үш балам бар үшеуі де мектепке барады мен бірде бір мектеп жиналысын үзбедім бірақ баратын ата ана барады бармайтыны бармайды баласын ойлайтын ата ана уақыт тауып бару керек қандай қызметте болса да
  5. С
    Сая 9 жыл бұрын
    менің үш балам бар үшеуі де мектепке барады мен бірде бір мектеп жиналысын үзбедім бірақ баратын ата ана барады бармайтыны бармайды баласын ойлайтын ата ана уақыт тауып бару керек қандай қызметте болса да
  6. М
    Майра 9 жыл бұрын
    Бұл еңгізіліп жатқан жаңалық дұрыс деп ойлаймын.Мен сынып жетекшімін 10 сыныпқа.Ата-ананы жинау өте қиын.Жұмыстан жібермейді деген сылтауды көп айтады.
  7. А
    Ата ана 9 жыл бұрын
    жумысын битпесе 4 те босатса да бара алмайтын жумыстар бар. Министрдин айтканы бос соз
  8. А
    Анар 9 жыл бұрын
    Кейбір ата-аналар , жиналысқа барамын деп, жұмыстан өтірік сұранып кетіп жүрмесін. Баласының біліміне алаңдайтын ата-ана қандай жағдай болса да келеді. Келгісі келмейтіндер жиналыс деп сұранып, басқа жаққа кетеді. Ата-аналардың ішінде үйде , қолы бос ата-аналар да бар, бірақ жиналысқа келмейді
  9. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Ата -ана өз баласы үшін уақыт таба алады. Уйде жұмыссыз отыратын ата-аналарда мүлдем жиналысқа келмейді, бала тәрбиесінің барін мектепке артып қойған.Бүгінгі бала тәрбиесінде жіберілген қателік ертең еліміздің болашағына төнген үлкен қауіп екенін әрбір адам есте сақтаса екен.