Басты бетЖаңалықтарҰйқыны бұзатын...

Ұйқыны бұзатын бес нәрсе

Қапырық

Қапырық бөлмеде ұйықтау қиын. Негізі  температурасы 15-19 градус болатын салқын бөлмеде ұйықтау керек.

Жаман жастық

Ұйқыңызды қандыру үшін жастықтың алар орны ерекше. Егер жастық үшін ақша аясаңыз, келесі күні мойыныңыз бен арқаңыз ауруы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, бір жағымен ұйықтайтын адамдар қатты, ал шалқасынан және екпетінен жататындар жұмсақ жастықта ұйықтауы керек.

Гаджеттер

Адамдардың көпшілігі ұйқы алдында әлеуметтік желілерге кіреді. Бірақ сарапшылардың  пайымдауынша бұл жаман әдет. Планшет пен телефоннан шығатын көк түсті жарық ағзадан мелатонин (ұйқы гормоны) гормонының шығу қабілетін әлсіретеді.

Алкоголь

Кейбіреулер ұйқы алдында шарап ішуді әдетке айналдырған. Одан кейін ұйқыға кету жеңілірек болғанымен, алькоголь ұйқының сапасын төмендетеді.

Кофеин

Сарапшылар түстен кейін ішкен кофенің ұйқыға жаман әсер ететінін дәлелдеген. Кофені жатардан 6 сағат бұрын  ішу керек.

ДереккөзSegodnya.ua