Bloomberg-тің инновациялар индексінде 50 ел бар, оны Таиланд, Марокко, Аргентина және Қазақстан тұйықтайды.
Ресей биылғы жылы 12-ші орында, өткен жылы ол 14-ші қатарда тұрған болатын.
Bloomberg инновациялар индексі жеті көрсеткіш негізінде құрылған: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға шығындар, өнімділік, экрономикада жоғары технологиялы компаниялардың болуы, жоғары білімнің таралуы, тауарлардың қосымша құны, тіркелген патенттер саны және зерттеушілер саны.
Bloomberg тізімінде Қытай 21-ші орында, Малайзия, 25-ші, Гонконг — 37-ші, Үндістан — 45-ші орындарда.
Wells Fargo экономисі Джей Брайсонның атап өтуінше, Қытайдың 21-ші орында болуы ҚХР-дың дамушы ел мәртебесін бейнелейді, ол технологиялар жасап отырған жоқ, оны көшіріп отыр.