Алакөлді дрондар күзетіп жатыр: жазғы демалыс маусымы қалай қорғалады?

Жазғы демалыс қызып тұрған шақта Алакөл көлі жағалауында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді.

Биылғы шомылу маусымы басталмай тұрып, төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД), жергілікті атқарушы органдар, полиция және БАҚ өкілдері қатысқан арнайы баспасөз туры өтті. Қатысушылар ТЖД-ның су-құтқару станциясына барып, құтқарушылардың күнделікті жұмысын, заманауи техникамен жабдықталуын, патрульдеу жүйесін және балалар қауіпсіздігіне бағытталған шараларды көрді.

f2acf871eae154ceffdd688e070a3513 Алакөлді дрондар күзетіп жатыр: жазғы демалыс маусымы қалай қорғалады?
Фото: Жазира Пірімқұл

Алакөл — тек демалыс аймағы емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік жүктейтін нысан. Біз мұндағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік жүргіземіз. Қазіргі таңда станциямыз толық жарақталған, жаңа катерлер мен арнайы сүңгуір жабдықтармен қамтылған. Біз 5 маусымнан бастап Алакөл ауданы Ақши және Көктұма көл жағалауында қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда полиция дапартаменті басқармасынан және Алакөл аудандық ішкі істер бөлімінен 30 адам жұмылдырылды. Күндізгі және түнгі бөлімде бес экипаждан астам қызмет атқарады. Жетісу облысының аумағы 124 шақырымнан бастап Көктұма ауылына дейін 84 қызметкер, 41автоэкипаж жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл іс-шаралар қылмыстың алдын алу, құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында жасалып жатыр,  — деді Жетісу облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жасұлан Байкенов.

1c26bcc6a78f593917c87d61696e2c1b Алакөлді дрондар күзетіп жатыр: жазғы демалыс маусымы қалай қорғалады?
Фото: Жазира Пірімқұл

Алакөл жағалауында шомылу маусымында 24/7 режимінде кезекшілік атқаратын қосымша патрульдер жұмылдырылған. Жағалау тек құрлықтан емес, сонымен қатар судан да дрондар арқылы бақыланады. Қауіпсіздік шараларын жетілдіруде азаматтық қорғау жүйесінде жаңа технологиялар кеңінен қолданылып жатыр.

Ауданда дрондық патрульдеу бар. Жағалаудың бар ұзындығы 12 километр. Дрондық патрульдеу жағалаудағы демалушы адамдардың үстінен бақылайды. Қандайда бір бұзушылық болып жатса, дереу учаскелік инспекторларға беріледі. Олар әкімшілік шара қолданатын болады. Биыл алғаш рет пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалана бастадық. Бұлар су бетіндегі қозғалысты нақты бақылауға, төтенше жағдайға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жағажайда ескерту белгілері жаңартылып, дауыс зорайтқыш құрылғылар орнатылды, — деді Жасұлан Байкенов.

b85ebd1bb0e7820d20007f215a696a96 Алакөлді дрондар күзетіп жатыр: жазғы демалыс маусымы қалай қорғалады?
Фото: Жазира Пірімқұл

Іс-шара барысында көл жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту, суды бақылаудың жаңа әдістері және ведомствоаралық әрекеттестікті күшейту тақырыптары кеңінен талқыланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да