Геннадий Головкин: Сауль Альварестің ісінен сөзі көп

«2016 жылы шынымен де боксқа деген құштарлығым басылып қалды. Түсінесіз бе, менің атымды атап, жекпе-жекке шақырғандар көп болғанмен, іс жүзінде ешкім кіріспейді. Тіпті бұған дайын да емес. «Канело», Сондерс, Фроч, Юбенк, Чавес. Ақылға қонымсыз. Сөздері мен істері сай келмейді», – деді GGG.

«Бірақ енді өзіме нағыз қарсыласты тапқан сияқтымын. Джейкобстың сұхбаттары мені жігерлендіре түседі. Альварес? Мүмкін болашақта кездесіп қалармыз, ал қазіргі уақытта бұған ешқандай қызығушылығым жоқ», – деді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, қазақстандық боксшымен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы айқас 2016 жылы өтуі тиіс еді. Бірақ мамыр айында «Канело» міндетті жекпе-жектен бас тартқаннан кейін оның WBC белбеуі Геннадийге берілген болатын.

Ал 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында америкалық Дэнниэл Джейкобспен жұдырықтасады.

ДереккөзEgemen.kz