Экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өзінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы кейбір БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды.
Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың өзі ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны туралы Tengrinews тілшісіне айтты.
Мен үйдемін. Бос сөз. Ең алдымен, ресми дереккөздерге сену керек. Мен демалыстамын. Маған демалуға мүмкіндік берілді. Үш жарым жылдан бері еңбек демалысына шықпадым. Өздеріңіз білесіздер, әскери қызмет сондай болады. Ар-намысым мен абыройыма нұқсан келтіретін жалған ақпарат үшін жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүрмін, – деді Руслан Жақсылықов.
Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді.
Еске салайық, 2025 жылғы 8 маусымда мемлекет басшысы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатты.