Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында еліміздегі алғашқы реверсивті қозғалыс жолағы салынады

Ақмола облысында еліміздегі алғашқы реверсивті қозғалыс жолағы салынады

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Ақмола облысына іс-сапармен барып, Көкшетау – Зеренді тасжолындағы орташа жөндеу жұмысын тексерді. Бұл жол бойында елімізде алғаш рет реверсивті қозғалыс жолағы салынады.

Жоба аясында жолдың ені 7 метрден 11 метрге дейін кеңейеді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң, үш жолақты қозғалыс жүйесі іске қосылып, оның бір жолағы реверсивті болады. Бұл жолдың өткізу қабілетін арттырып, жол-көлік апатының алдын алуға мүмкіндік бермек. Әсіресе жазғы маусымда қозғалыс қарқыны артқан кезде туристер мен жергілікті тұрғындар үшін бұл жол ыңғайлы әрі қауіпсіз болады деп отыр.

Жазғы уақытта Зеренді курорттық аймағына баратын көлік саны артатыны сөзсіз. Жөндеу жұмыстары 47 шақырымға жетеді. Қазір жоба аясындағы жұмыстар белгіленген кестеге сай жүріп жатыр, – деді вице-министр.

Жалпы 2025 жылы ауқымды орташа жөндеу бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар 7 мың шақырым жол жаңартылмақ. Бұл жұмыстар ең алдымен туристік әлеуеті жоғары өңірлерге бағытталған. Атап айтқанда, Рахманов қайнары, Алакөл, Қайыңды мен Көлсай көлдері, Баянауыл, Кендірлі, Қорғалжын қорығы және Имантау-Шалқар курорттық аймағына баратын жол жөнделеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да