Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі 2025 жылғы қажылық маусымына дайындықты кезең-кезеңге бөліп, нақты мерзімдермен белгілеген. 2025 жылғы 18 сәуір — қажылық визасын рәсімдеудің соңғы күні. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қажылық бөлімі хабарлап отыр.
Осыған орай, ҚМДБ азаматтарға 17 сәуірге дейін ресми туроператорлар арқылы үлкен қажылық сапарына жазылу қажет екенін ескертеді.
Себебі 18 сәуірден кейін қажылық визасын рәсімдейтін электрон портал жабылып қалса, қажылыққа ниет еткен ҚР азаматтарының құлшылық сапарына бара алмау қаупі бар.
Биыл қажылыққа ниет еткен отандастарымызды лицензиясы жоқ, қажылық орындары берілмеген турфирмалар мен жеке адамдарға жазылмауға және заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз, — делінген хабарламада.